Израиль Трамптың атысты тоқтату туралы ұсынысына келісімін берген соң мұнай күрт арзандады

АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күні, яғни Израиль АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен атысты тоқтату туралы ұсынысына келісімін берген соң мұнай бағасы соңғы екі аптада ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды Reuters.

нефть
Фото: afk.kz

Бұл жағдай мұнай өндіретін шешуші өңір саналатын Таяу Шығыстан мұнай жеткізу тоқтауы мүмкін деген қауіпті сейілтті.

Brent мұнайының фьючерстері $3,82 дейін немесе 5,3% арзандап, Астана уақытымен сағат 11:45-те баррелі $67,66 болды.

Сондай-ақ АҚШ-тың West Texas Intermediate мұнайы $3,75 немесе 5,5% арзандап, баррелі $64,76 болды.

Осыған дейін Трамп Израиль мен Иран арасында атыстың толық тоқтатылғанын жариялаған болатын.

Кейінірек Иран Израильмен атысты тоқтату режимі күшіне енгенін мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар