Израиль Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қоюдан бас тартқанын қуаттады
Бұл туралы Израильдың Атом энергиясы жөніндегі комиссиясының басшысы Шауль Хорев Венада мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
«Израиль, өзінің ұлттық қауіпсіздігін назарда ұстай отырып, аталмыш Шартқа қосылмаудың егемен құқығын пайдаланып отырған МАГАТЭ-нің жалғыз мүшесі емес. Дегенмен, ол, өзінің түбегейлі мүддесіне қайшы келетін шешімді қабылдау үшін сырттан қысым көрсетіліп отырған жалғыз мемлекет болып табылады», дейді Хорев мырза.
Ол сондай-ақ, Таяу Шығыста бұл Шартқа қосылған «Иран, Сирия, Ливия және Саддам Хусейннің Ирак режімі сияқты» елдердің аталмыш шарт бойынша өз міндеттемелерін дөрекі бұзғандарын атап көрсетіп, осы жайттар, Ядролық қару-жарақты таратпау туралы шарттың аймақтағы қауіпсіздік ығыттарына барабар жауап беруге қабілетті емес екенін дәлелдеп отыр деді.