Израиль Йемендегі мұнай резервуарларына әуеден соққы жасады

АСТАНА. KAZINFORM – ЦАХАЛ мәлімдегендей, бұл шабуыл хуситтердің сенбі күні Бен-Гурион әуежайына жасаған соққыларына жауап ретінде жасалған. Шабуыл премьер-министр Биньямин Нетаньяху ұшағы келген уақытта болды, деп хабарлайды Euronews

Израиль нанес авиаудар по нефтяным резервуарам в Йемене
Фото: arabexpert.co.il/AL Jazeera Arabic

Израиль әскері оның ондаған ұшағы Израильге жасалған шабуылға жауап ретінде Йемендегі хуситтер нысандарына соққы бергенін мәлімдеді. Соққы нысаны – Ходейда портындағы электр станциялары мен мұнай цистерналары.

Хуситтер басқаратын «Әл-Масира» телеарнасы өрт сөндірушілердің қаладағы үлкен жалынмен күресіп жатқанын көрсетіп, кемінде төрт адамның қаза тауып, тағы 33 адамның жарақат алғанын хабарлады. 

Хусилер бақылайтын ақпарат құралдары израильдік соққылардың Рас-Иса портына және Ходейда провинциясындағы екі электр станциясына әсер еткенін хабарлады. 

Тель-Авивте әскерилер алдында сөйлеген Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант соққылардың «әсерлі» болғанын айтты.

«Біз соғысты кеңейтуге, қосымша майдандарды іздеуге мүдделі емеспіз, бірақ егер хуситтер сияқты зымыранмен және бүкіл соғыс кезінде қанатты зымырандармен және ұшқышсыз ұшақтармен біреу Израильге шабуыл жасаса, мұндай әрекетті жасайтын кез келген адамға жауап береміз және біз бұны қалай жасау керектігін білеміз», - деді ол.

Өз кезегінде хуситтер сақтық шараларын қолданып жатқанын және Израильдің соққылары олардың теңіз жолдары мен Израильге шабуылдарын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар