Израильде Газаны оккупациялау жоспарына қарсы жаппай наразылық өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Израильде халық Газадағы тұтқындарды босату жөнінде келісім жасасуды талап етіп, жаппай наразылық акциясына шықты. Нәтижесінде негізгі жолдар жабылып, пойыз қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды ВВС.

п
Фото: Видеодан алынған кадр

Иерусалим мен Тель-Авивте көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтатты. Наразылар қала көшелерінде жаяу жүргіншілерге кепілге алынғандарды бейнелейтін сары ленталар таратты.

Ереуілді «Қазан кеңесі» ұйымдастырды. Ол тұтқындардың туыстары мен 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС-тың Израильдің оңтүстігіне жасаған шабуылынан қаза тапқандардың жақындарын біріктіреді.

Сонымен қатар акцияға Тұтқындар мен хабар-ошарсыз кеткендер отбасыларының форумы да қолдау көрсетті.

Наразылық жексенбі күні таңғы сағат 6:29-да – былтыр 7 қазанда ХАМАС шабуылы басталған сәтте – елдің түрлі қиылыстары мен жол айырықтарында басталды. Акциялар Тель-Авивтегі «Тұтқындар алаңында» жалғасты.

Сондай-ақ наразылық шаралары елдің басқа өңірлерінде де өтуде, соның ішінде Израильдің солтүстігіндегі Батыс Галилеяда және оңтүстіктегі Эйлатта жалғасып жатыр.

Жергілікті жүздеген билік органдары, кәсіпорындар, университеттер, технологиялық компаниялар мен басқа да ұйымдар ереуілге қосылатынын немесе қызметкерлеріне қатысуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Газада Израильдің шабуылынан қаза таптқандар саны 62 мыңға жақындады.

Соңғы жаңалықтар