Израильде Нетаньяху резиденциясы атқыланды
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль полициясы премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың Кесариядағы жеке резиденциясына жасалған шабуылға байланысты үш адамды ұстады, бұл оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап Times of Israel хабарлады, деп жазады РИА Новости.
– Жексенбі күні таңертең премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың Кесариядағы жеке резиденциясына екі сигналдық зымыран жіберілді, нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Үш адам қамауға алынды, – делінген хабарламада.
Ешқандай шығын тіркелмегені, Нетаньяху мен оның отбасы бұл уақытта үйде болмағаны атап өтілді.
Айта кетейік, бұған дейін Израиль қорғаныс министрі Хезболланы жеңдік дегені туралы жазған едік.