Израильдегі қазақстандықтарды алып қайтатын рейс Тель-Авивке ұшып кетті

Тель Авивтен қазақстандықтарды алып қайтатын Air Astana ұшағы Астана уақытымен бүгін таңғы 08.00 кезінде Алматыдан ұшып кетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі компанияға сілтеме жасап. 

рейс
Фото: Air Astana

Қазақстандықтарды мінгізіп, кері қайтатын рейс жергілікті уақытпен бүгін түнгі 23.45 шамасында Алматыға қонады. 

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанның Израильдегі өз азаматтарын қалай эвакуациялайтынын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар