Израильдегі қазақстандықтарды елге әкелуге қосымша рейс жасала ма

Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін Израильдегі қазақстандықтарды елге әкелуге қосымша рейс қарастыру мүмкіндігі сөз болды, деп хабарлайды Kazinform.  

ұшақ
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

«Қосымша рейс қарастырылмайды. Жалпы кеше „Тель-Авив — Ақтау — Алматы“ бағыты бойынша бір рейс жасалды. 160 азамат келді, борттың мүмкіндігі — 180 адамға дейін. Елге оралғысы келетін барлық азамат Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілді. 166 азаматтың 42-сі шетел азаматы болды», — деді Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ, министр Израильге әуе қатынасының уақытша тоқтағанын айтты.

Әуе қатынасы Израиль аумағындағы жағдай жақсарғанға дейін жанданбайды. 

Еске салайық, Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне алаңдаушылық білдірді

Соңғы жаңалықтар