Израильдің Газадағы шіркеуге жасаған соққысынан үш адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM —  Газа қаласындағы Қасиетті Отбасы шіркеуіне снаряд түсу салдарынан үш адам қаза тауып, кемінде он адам жарақат алды, деп хабарлайды Euronews.

Израильдің Газадағы шіркеуге жасаған соққысынан үш адам қаза тапты
Фото: видеодан алынған скрин

Израиль тарапы бұл жағдайға қатты өкініш білдіріп, оқиғаны тергеуге уәде берді. Елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін мәлімдеді.

— Кінәсіз әрбір адамның өлімі үлкен қайғы. Біз қаза тапқандардың отбасы мен сенушілердің қайғысына ортақпыз… Израиль оқиғаны тергеп жатыр және бейбіт тұрғындар мен қасиетті орындарды қорғау міндеттемесіне адал болып қала береді, — делінген Израиль премьер-министрі кеңсесінің хабарламасында.

Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) шіркеуге снаряд сынықтары қателікпен түскенін мәлімдеді.

— Газа қаласындағы шіркеуде зардап шеккендер туралы хабарламалардан кейін жүргізілген алдын ала тергеу нәтижелері бойынша, осы аудандағы әскери қимылдар кезінде атылған снарядтың сынықтары шіркеуге абайсызда түскені анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда, — делінген ЦАХАЛ-дың ресми мәлімдемесінде.

Айта кетелік Израиль шабуылы кезінде Иран президенті зардап шеккен еді.

Соңғы жаңалықтар