Израильдің мақсаты Газа секторын басып алу емес – Биньямин Нетаньяху

Бүгін Халықаралық қылмыстық сотта Оңтүстік Африканың Израиль әрекетін Палестина халқына жасаған геноцид деп тану туралы талабы қаралады. Оңтүстік Африка Республикасының талабы бойынша сот процесі басталмас бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazinform DW сайтына сілтеме жасап.

Нетаньяху
Фото: Anadolu

Биньямин Нетаньяху Израиль Газа секторын басып алуды немесе бейбіт тұрғындарды қуып шығуды көздемейтінін айтты.

- Израиль Палестина халқымен емес, ХАМАС содырларымен күресіп жатыр және бұның бәрі халықаралық құқық ережелеріне сәйкес іске асырылуда, - деді Нетаньяху кеше кешке жасаған мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Газа секторының бейбіт тұрғындарына келетін шығынды барынша азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, ал ХАМАС өз кезегінде бейбіт тұрғындарды тірі қорған ретінде пайдалану үшін барын салуда. Атап айтқанда, Израиль әскерилері бейбіт тұрғындарға ұрыс аймақтарын тастап кету қажеттілігі туралы үнемі ескерту жасайды.

- Біздің мақсатымыз – Газа секторындағы ХАМАС содырланың көзін құрту және кепілге алынғандарды босату. Осыған қол жеткізілген кезде Газа секторы қарусыздандырылып, радикалдардан босатылады, - деді Израиль премьері.

Оның айтуынша, бұл израильдіктер мен палестиналықтар үшін жарқын болашаққа бастайтын әрекет.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының соңында ОАР Газа секторындағы жағдайға байланысты Гаагадағы халықаралық сотқа геноцид конвенциясына сәйкес Израильге қарсы шағым түсіріп, сотты Израильге қарсы уақытша шара қолдануға шақырған болатын.

Қараша айының басында ОАР үкіметі Израиль әсерінің Газа секторында жалғасып жатқан әскери операциясына байланысты консультацияларына сәйкес Израильден дипломаттарын қайтару туралы шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар