Израильдің оңтүстік аудандарында төтенше жағдай режимі алынды

АСТАНА. KAZINFORM —  2023 жылғы 7 қазанда «Аль-Акса су тасқыны» операциясынан кейін Израильдің оңтүстігінде енгізілген төтенше жағдай режимі ертең, 28 қазанда күшін жояды, деп хабарлайды Анадолы.

Израильдің оңтүстік аудандарында төтенше жағдай режимі алынды
Фото: Анадолы

Жарияланған мәлімдемеде Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац 7 қазанда енгізілген төтенше жағдай режимін тоқтату туралы шешім қабылдағаны айтылған.

Белгіленгендей, бұл шешім Израиль армиясының ұсынысы бойынша қабылданған.

«Аль-Акса су тасқыны» операциясы басталғаннан кейін төтенше жағдай режимі Израильдің оңтүстігінде екі жылдан астам уақыт бойы сақталды.

Израиль әскері 2023 жылғы 8 қазанда Газа секторына ірі ауқымды әуе шабуылдарын бастаған еді.

Бұл екі жылдан астам уақытқа созылған шабуыл салдарынан 67 мыңнан астам палестиндік қаза тауып, 170 мыңнан астам адам жараланған.

Айта кетелік Израиль армиясы Батыс Шерияда 21 палестиналықты ұстады.

Соңғы жаңалықтар