Израильдің Үндістандағы елшілігі маңында жарылыс болды
Сейсенбі күні Нью-Делиде орналасқан Израиль елшігі ғимаратының маңында жарылыс болды. Израиль қауіпсіздік қызметі мен үндістандық полиция мән-жағдайды бірлесіп анықтауға кірісті. Кazinform бұл туралы The Times of Israel-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Үндістандық БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, жарылыс болған жерден жақын маңда Израиль елшісіне арналған хат табылды. Indian Express газетінің жазуынша, хат компьютерде терілген және қорлау мәтінінде жазылған. Қосымша басқа ақпарат берілмеді.
Тергеушілер жарылыс пен хаттың арасында байланыстың бар-жоғын анықтауға кірісті.
Үстіміздегі желтоқсан айында Израильдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі израильдіктерге шет елдерге шығу жоспарларын қайта қарауды, бұл сапар аса қажет болған жағдайда өздерінің еврей және изральдіктер екендігін сырт-келбетпен білдіруден аулақ болуға шақырды. Бұл үндеу бүкіл әлемде артып келе жатқан антисемитизмге байланысты жасалды.
Delhi Fire Service received a call of a blast near the Israel Embassy in the Chanakyapuri area this evening.
— ANI (@ANI) December 26, 2023
"So far nothing has been found at the location," says Atul Garg, Director, Delhi Fire Services pic.twitter.com/Ipd23kciBS