«Израильмен байланысы бар»: Хуситтер БҰҰ қызметкерлерін айыптады

АСТАНА. KAZINFORM — Йеменде ұсталған БҰҰ-ның жергілікті қызметкерлері 2025 жылдың тамызында Израильдің әуе шабуылына қатысы бар деген күдікпен сотқа тартылады, деп хабарлайды Reuters.

Хуситтер
Фото: Anadolu

Бұл туралы агенттікке хуситтер құрған үкіметтегі Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Абдель Вахид Әбу Рас хабарлады.

— Қауіпсіздік қызметтері қабылдаған іс-әрекеттер толық сот бақылауымен жүзеге асырылды. Прокуратура әрбір қадам туралы хабардар болды, — деді ол.

Оның айтуынша, бұл процесс сот шешімінен кейін түбегейлі шешілетін болады. 

Йемендік хуситтер 18 қазанда Йемен астанасының екі ауданында БҰҰ-ның 20 қызметкерін тұтқынға алған болатын. Көтерілісшілер мекемедегі барлық байланыс құралдарын, соның ішінде телефондарды, серверлерді және компьютерлерді тартып алған.

Хуситтер бірнеше рет дәлелсіз тұтқындаған БҰҰ қызметкерлері, басқа да халықаралық ұйымдармен және шетелдік елшіліктермен жұмыс істейтін тұлғаларды тыңшылар деп мәлімдеді. БҰҰ бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Соңғы жаңалықтар