«Изумрудный квартал» тұрғын үй кешенінен құлап қаза тапқан әйелдің кім екені анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Изумрудный квартал» ТК-нен құлап қаза тапқан әйелдің кім екені анықталды, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Изумрудный квартал» тұрғын үй кешенінен құлап қаза тапқан әйелдің кім екені анықталды

«Полицейлер «Изумрудный квартал» ТК-нен құлап қаза тапқан әйелдің есімін анықтады. Ол Ақмола облысының 57 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Қажетті сараптамалар тағайындалуда. Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін Астанадағы «Изумрудный квартал» ғимаратынан әйел адам құлап, қаза тапты.