Janoubia: Ливанда ұшқышсыз ұшатын аппараттың шабуылынан «Хезболла» командирі мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль әскери әуе күштерінің ұшқышсыз ұшатын аппараты сейсенбі күні кешкісін шейіттердің «Хезболла» ұйымының командирі Касем Гарабты өлтірді. Аппарат Ливанның шығысында Касем Гарабтың көлігіне шабуылдаған.

Ливан
Фото: report.az

Бұл турал Janoubia жаңалықтар порталы жазды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

Ақпаратта оқиғаның Бритель – Баальбек тасжолында болғаны айтылады. Ұшқышсыз ұшатын аппарат жердегі нысанға үш зымыран жіберген. Мерт болған командир «Вахда-1900» атты дверсиялық бөлімшені басқарған.

4 тамыз күні Ливанның оңтүстігіндегі Эль-Хиям қаласында шейіттердің жасағының тағы бір командирі Әли Әбу Аббас өлтірілген болатын. Соққы зымырандар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар орналасқан қоймаға жасалған. Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 шілде күні Израиль шабуылдары салдарынан 4 ливандық мерт болды. Олардың барлығы да «Хезболла» мүшелерін болған.

Министрлік мәліметтерінше, 2024 жылдың қарашасындағы атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан Израиль жыл басынан бері Ливан аймағына 4 мыңнан астам шабуыл жасаған. Шабуылдар салдарынан 228 адам мерт болып, 496-сы жарақат алды. Билік өкілдері мерт болғандардың арасында қанша бейбіт тұрғын бар және олардың қаншасы шейіт өкілдері екенін нақтыламады.

Осыған дейін Нетаньяхудың Газа секторын толық басып алуды көздеп отырғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар