Jibek Joly арнасынан Президент телерадиокешенінің «Қаңтар оқиғасы. Бір жыл» деректі фильмі көрсетіледі
Фильмде қаңтар оқиғасының хронологиясы, жағдайдың бейбіт шеруден басталып, жаппай тәртіпсіздікке ұласу себебі мен тұрғындарды қалай, кімдер арандатқаны туралы баяндалады.

Видеодан алынған кадр
Сонымен қатар, деректі фильмде бұған дейін жарияланбаған мәліметтер, оқиға куәгерлері мен сол күндері жаппай тәртіпсіздікке қатысып, жаза арқалаған адамдардың эксклюзив сұхбаттары қамтылған.

Фото: Zakon.kz
Бас прокуратура қаңтар оқиғасындағы қылмысты үшке бөліп қарастырып, талдау жасаған. Құзырлы орган мәліметіне қарағанда, 1600-ден аса азамат күдікті деп танылды. Оның ішінде 1312 адамның ісі тергеліп, бүгінде сотқа жолданған. Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылардың қылмыстық істері әлі зерделеніп жатыр. Кейбіріне қатысты қылмыстық істер сотта жабық есік жағдайында қаралуда.

Видеодан алынған кадр
Үкімет бір жыл ішінде бизнеске келген шығынды өтеді. Бүлінген ғимараттар бүтінделіп жатыр. Алайда, сол кездері ұрланған қарулар толық табылған жоқ. Деректі фильмде ішкі істер органдарының қаруларды іздестіру бағытында атқарып жатқан жұмыстары да жан-жақты баяндалады.

Фото: Zakon.kz
ҚР Президентінің телерадиокешені ұсынатын «Қаңтар оқиғасы. Бір жыл» деректі фильмі Jibek Joly телеарнасының эфирінен бүгін, 5 қаңтарда сағат 20.30-да көрсетіледі.
Еске салайық, бұған дейін 4 қаңтарда Jibek Joly телеарнасы «Бәрін өзгерткен Қантар» деректі фильмін көрсеткен болатын. Картинаны Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің Youtube-тегі ресми арнасынан көруге болады.
Басты сурет: Устинка LIVE