Jibek Joly-мен бірге отбасылық жаңа жыл
Бұл еліміздегі ең жас арнаның екінші маусымы. Jibek Joly барша көрерменге тәулік бойы тамаша көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан телеарнаның 12 сағаттық эфирінде жаңа жылдық атмосфера сезіліп, әр бағдарлама жаңа тосынсыйларымен есте қалады, деп хабарлайды Kazinform.

Кішкентай Аделия Қалабаева 31 желтоқсанда күннің қалай басталатынын жақсы біледі. Машаның қазақ тіліндегі жаңа жылдық шығарылымдағы таңғы ертегілері көпшілікке керемет эмоция сыйлайды.
Жаңа жылдық трансляция әрмен қарай Нұрлан Қоянбаев пен Тәуекел Мүсілімнің «My love is Aisulu» және «Папа поневоле» атты фильмдерімен жалғасады.
Қарақат пен Қыдырәлі Болмановтың «Жақсы адамдарым» және Нұрлан Қоянбаевтың «Жаңа жылғы студия» бағдарламаларының мерекелік шығарылымдарын тамашалай алады.
Телеарнаның көрермендері мерекелік дастарқанға жиналған кезде эфирде «Бір ел - бір отбасы» мюзиклі басталады. Жобаның түсірілімі көркем Көкжайлау трактінің маңында өтті.
Желтоқсандағы қарбаластықты елестетіп көріңізші: қонақтар, сыйлықтар, тартулар, тосын сыйлар... Барлығы жанталасып, уайым үстінде жүр. Ал сіз, әлі кішкентайсыз және шынымен тосынсыйларға сенесіз. Тіпті 2-3 сағаттың ішінде шытырманға толы оқиғаларға еніп кете аласыз. Мюзикл жаңа жыл түнінде үйде жалғыз қалған Жібек атты қыздың мереке кезіндегі өмірін баяндайды... Оның мерекелік көңіл күйі сіз ойлағандай танымал әндермен ғана емес, самауырдағы хош иісті шаймен, шығармашылық мерекелік дастарқанмен, аңшылардың шеберлік сабағымен, ең биік тау сахнасымен көтеріледі.

Әсерлі мюзиклден кейін эфир эстафетасын Тұрсынбек Қабатов қабылдайды. Оның «Жаңа жылға, жаңа концерт» бағдарламасы ешкім естімеген күлкілі әңгімелер мен әзілдерге толы.

Ал 23:30-да көрермен назары еліміздің басты алаңы – ЭКСПО-ға ауады. Осылайша барлығы өтіп бара жатқан 2023 жылды керемет көңіл күймен шығарып салып, Жаңа 2024 жылды қарсы алады. Шоу-бағдарламаның көркін «Калифарния» мен Amre қыздырады.
Достарыңызбен, отбасыңызбен немесе сүйіктіңізбен бірге Jibek Joly арнасында тікелей эфирде көрсетілетін ауқымды жаңа жылдық концертті тамашалаңыз.

«Төрлет, жаңа жыл» жобасындағы Ләйлә Сұлтанқызы мен Арман Давлетяровтың шынайы сұхбаты ел сүйіп тыңдайтын әсем әуендермен жалғасын табады. Бұл ерекше бағдарламада жаңа жылдық хит әндер шырқалады.