Jibek Joly телеарнасы Silk Way Prime брендімен халықаралық нарыққа шықты

АСТАНА. KAZINFORM — 1 шілде күні жаңа халықаралық Silk Way Prime телеарнасы хабар тарата бастады. Бұл - Silk Way цифрлы телеотбасындағы Ресей Федерациясы аумағында эфирге шығатын үшінші арна.

Silk Way Prime телеарнасы
Фото: Kazinform

Жаңа жоба Қазақстанның тарихы, мәдени-гуманитарлық, ұлттық құндылықтарын насихаттайтын толыққанды медиаплатформа қалыптастырмақ.

Silk Way Prime — Jibek Joly телеарнасының уақыт белдеуі мен Ресей нарығындағы телевизиялық өнім сұранысына бейімделген халықаралық нұсқасы. Арна эфирінде тек қазақстандық контент – көркем фильмдер, телесериалдар, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар, ток-шоу, музыкалық-ойын-сауық және танымдық жобалар.

- Silk Way Prime арнасын эфирге шығаруда халықаралық аудиторияның сұранысы ескерілді. Біз қарқынды дамып жатқан, әлемге ашық, жарқын, мәдени бай Қазақстан туралы айтамыз. Телеарна фактілермен сөйлейді, эмоция да бар, контент креативті, - дейді Jibek Joly/Silk Way телеарнасының атқарушы директоры Еркежан Күнтуған.

Айта кетейік, халықаралық Silk Way сандық телеотбасы құрамына бірнеше арна кіреді:

Silk Way — ақпараттық-танымдық lifestyle-арна. Қазақстан, аймақ пен әлем жаңалықтарын жеткізеді. Халықаралық маңызды шараларды трансляциялайды, эксклюзивті репортаждар форматында көрсетеді.

Silk Way Cinema — классикадан бастап заманауи хиттерге дейін, сондай-ақ авторлық жұмыстар мен фестивальдарға бағытталған фильмдерді көрсетуге салаланған киноарна.

Silk Way Prime — жалпы тақырыптық отбасылық телеарна (Jibek Joly арнасының халықаралық нұсқасы).

телеарна
Фото: Kazinform

Еске салсақ, Jibek Joly телеарнасы «Тұмар-2025» ұлттық телевизиялық сыйлығының екі номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар