Junior Eurovision-2019: Ержан Максим өнер көрсетті

None
None
ГЛИВИЦЕ. ҚазАқпарат - Ержан Максим «Junior Eurovision-2019» финалында «Арманнан қалма» әнін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Польшаның Гливице қаласында өтіп жатқан Junior Eurovision-2019 байқауында Ержан «Арманыңнан қалма» әнін орындады. Әуеннің сөзін жазған Данияр Алдабергенов пен Тимур Балымбетов, әнін жазған Хамит Шанғалиев.

Еске сала кетсек, халықаралық ән байқауы басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, онлайн дауыс беру қарашаның 22-сінен 23-іне қараған түнгі сағат 01.00-де басталып, 24 қараша күні сағат 21:00-ге дейін, яғни концерт басталғанша жалғасты. Қатысушылар өнер көрсетіп болғаннан кейін 15 минутқа қайта ашылады.

15 қараша күні Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында Ержан сахнаға нешінші нөмірмен шыққысы келетінін айтты. Жеребе тарту кезінде оған 10-ыншы нөмір түсті.

Соңғы жаңалықтар