Jusan Bank елімізде бизнестің дамуына қалай көмектесіп жатыр

Jusan Bank-тің елімізде бизнестің дамуына қалай көмектесетіні жайлы Алматыда өткен Demo Day Jusan Business жиыны аясында банк өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Аталған шара барысында Jusan Busines-тің әр саласы бойынша 17 командасы қатысып, кәсіпкерлерге арналған өнімдер жайлы баяндады. Жиынды құттықтау сөзбен Jusan Bank-тің басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов ашты.

«2022 жыл біздің банк үшін табысты болды. Елімізде бизнестің дамуы мен банк өнімін арықарай жетілдіруге атсалысқан мамандар мен тұтас команданың еңбегі зор. Біздің экзожүйенің арқасында тұтынушылар ұялы телефон арқылы бизнестерін басқарып, шығындарды оңтайландыратын қызметтердің кең ауқымына қол жеткізе алады. Бірінші кезекте біздің өнімдер клиенттердің сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Сондықтан, бір орында тоқтап қалмай, оларды жетілдіру үшін біз әрдайым тұтынушылармен байланыстамыз. Банк жұмысының басты қозғаушы күші – клиенттер», - деді Нұрдәулет Айдосов.

Осыдан соң жоғарыда аталған командалардың өнім әзірлеушілері өз саласындағы қолжетімді өнімдер туралы ойларын ортаға салды.

«Онлайн несие» командасының мүшесі Айбек Жұмағалиев Jusan Business қосымшасы арқылы кәсіпкерлер несие рәсімдеуге мүмкіндігі бар екенін хабарлады.

«Кәсіпкерлер енді қағаз құжаттарсыз-ақ, Jusan Business қосымшасы арқылы несие алуға өтінім қалдырып, екі сағаттың ішінде несие ала алады. Бұрын бұл процеске екі апта уақыт кететін. Ал, енді қазіргі онлайн процесте ешқандай бөлімшеге барудың да қажеті жоқ. Келесі жылға жоспарымыз көп. Мысалы, келер жылы банктегі барлық несиелік процесті автоматтандыруды жоспарлап отырмыз», - деді Айбек Жұмағалиев.

Банктің мобильді қосымшасында жеке кәсіпкерлер үшін қарапайым әрі түсінікті «Шот ашу» өнімі іске қосылды. Бұл туралы «Онлайн шоттар» командасының өкілі Арина Лаптева айтып берді.

«Биыл желтоқсан айының соңына дейін бұл мүмкіндікті ЖШС-лер үшін де іске қосу ойымызда бар. Жалпы, мобильді қосымша арқылы шот ашу үшін кәсіпкерлерге тек қана ЖСН мен телефон нөмірі қажет. Басқа ешқандай құжаттар қажет емес. ЖСН мен телефон нөмірін енгізген соң, 5 минут ішінде шоты ашылады. Бұл сервис мүлдем қауіпсіз, себебі бізде мәліметтер базасының мемлекеттік сервистерімен сапалы интеграция орнатылған. Сондықтан, алаңдаудың еш қажеті жоқ. Сервисті пайдаланушының барлық деректері банк жүйелерімен қорғалады. Біз мұндай процесті қазан айынан бастап іске қостық», - деді Арина Лаптева.

«Теңге төлемдері мен аударымдары» командасының мүшесі Иван Волковтың айтуынша, кейінгі жарты жылда теңге төлемдері – 17%, аударымдар – 45%-ға өскен.

«Биыл жазда банкішілік төлемдер мен аударымдардың уақыты сағат 03:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды. Біз есеп айырысу комиссиясының жаңа сервисін іске қостық. Сондай-ақ, шоттар мен карталар арасындағы аударымдарды автоматтандырдық, көптеген қателерді жойып, клиенттердің шоттардан корпоративтік карталарға аударымдарын қамтамасыз еттік», - деді спикер.

Ол сондай-ақ, алдағы уақытта көптеген төлемдерге қол қою жұмыстары қалғанын айтты.

«Күніне көптеген төлемдерге қол қоятын Jusan Business клиенттері бұл істі асыға күтеді. Себебі, бізде күніне үш мыңнан астам қол қоятын клиенттер бар. Міне, осы клиенттер бізде 2 трлн теңгеден астам төлем жүргізді», - деді Иван Волков.

«Jusan Business Cards» командасының мүшесі Артем Есин банк картасын Jusan Business қосымшасында оңай ашуға болатынын жеткізді.

«Картаны кез келген қызметкерге өзі үшін де, бухгалтер үшін де ашуға болады. Карта бойынша шектеулер қарапайым жолдармен реттеледі және кез келген қажетті бизнес үшін ретке келтіруге болады. Картаның барлық шығындары есеп беру құралы ретінде есептеледі. Алдағы уақытта картаны шетел валютасымен ашуға болады. Картаны Apple Pay немесе Google Pay-ге қосуға болады. Сондай-ақ, картада кешбэк бар. Енді картаны алу үшін банктің бөлімшесіне барудың қажеті жоқ, себебі, карта қазір жылдам шығарылады. Айта кетейік, Jusan Business картасы кәсіпкердің өз бизнесін дамытуға көп уақыт бөлуі үшін құрылған», - деді Артем Есин.

Айта кетейік, бүгінде Jusan Bank-те бизнес үшін келесі қызметтер қолжетімді:

- Жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін тез арада шот ашу;

- Банк комиссиялары бойынша шығындарды оңтайландыруға арналған пакеттер;

- Мемлекеттік қызметтер — мемлекеттік деректер базасымен интеграцияны қамтамасыз етеді;

- Tole – POS-терминалдар және мобильді қосымша арқылы карталар мен QR-дан төлемдерді қабылдайды;

- Ұлттық және шетел валютасындағы төлемдер;

- Депозиттер – клиент қаражатының сақталуына және ұлғаюына жауап береді. Оны бес минутта ашуға болады;

- Несиелер және несиеден кейінгі қызметтер – бизнесті дамыту үшін қаражат алу.

Жоғарыда аталған Demo Day Jusan Business шарасынан соң, банк пен бизнес өкілдері арасында B2B форматында кездесулер өткізілді. Мұнда кәсіпкерлер өздерін қызықтырған өнімдер жайлы толығырақ ақпарат естіп, сұрақтарына жауап алды.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.


Соңғы жаңалықтар