Қ.Айтаханов: Жайылым туралы заң қабылданбай жайылым мәселесін шешу мүмкін емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жайылым туралы заң қабылданбай жайылым мәселесін шешу мүмкін емес. Бүгін Жер реформасы мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов осылай деді.
None
None

«Халықтың қажеттілігі үшін берілетін жайылымдар мәселесіне қатысты осы жерде өте жақсы ұсыныстар айтылды. Бірақ, бір проблема бар. Кезінде жердің бәрі беріліп кеткен. Қазір қай елді мекенге барсаңыз да біздің алдымызға сол жайылымдарды қайтарып беріңдер, деген мәселе шығады. Бір жерлер сатылып, енді бірі жалға берілген. Мәселен, солтүстік өңірлерде елді мекендер төңірегіндегі жайылымдар жыртылып, егін егілген. Осының тетіктерін ойластыруымыз, тез арада шешуіміз қажет, - деді ол.

Осы орайда депутат ауыл төңірегіндегі жалға берілген, егістік алқабына айналып кеткен жерлерді мемлекет қажеттілігі үшін қайтарып алу қажет деген ұсыныс жасады.

«Осы мәселені шешкенде біз бір-екі заңды қоса қарастыруымыз керек сияқты. И.Сауэр мырза өте дұрыс айтады. Қосалқы шаруашылық туралы және жайылым туралы заңдар қабылданбай жайылым мәселесін шешу мүмкін емес. Сонымен қатар қосалқы шаруашылыққа шектеу қою да дұрыс емес. Хрущевтің кезінде шектеу қоюдың қандай боларын көрдік қой. Біз елді мекенде ұстайтын малдың көлеміне шектеу қойып, қалған мал шаруа қожалықтардың есебінде немесе қоғамдық ұйым есебінде алыс жайылымдарда ұстауға рұқсат беруіміз қажет. Оның барлығы да жайылым заңымен белгіленуі тиіс», - деді Қ.Айтаханов.

Соңғы жаңалықтар