Қ. Айтаханұлы: Оңтүстікте су - алтынмен тең

"Оңтүстікте су - алтынмен тең. Алайда, суармалы жерлердің гидротехникалық құрылымдары мен жүйелерін ұстауға, пайдалануға, оларды жөндеуге қажетті қаржы бөлінбеу салдарынан көптеген су қоймалардың тозығы жетіп, ысырапшылдыққа жол берілуде. Солардың бірі, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында орналасқан «Ақылбексай» су қоймасы болып отыр", - дейді Қуаныш Айтаханұлы.
Оның айтуынша, қаржы болмауының салдарынан қараусыз қалған «Ақылбексай» су қоймасын қалпына келтіру үшін қазіргі кезде 635 млн. теңге қаржы қажет болып отыр. Ал су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде Сарыағаш ауданындағы су тапшылығы төмендеп, Ошақты, Бірлік және Қошқарата ауылдық округтері аумағында жалпы көлемі 2000 гектар суармалы жерлер жаңадан іске қосылатын болады.
Сондықтан да сенатор Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы «Ақылбексай» су қоймасын күрделі жөндеуден өткізіп, ел игіліне пайдалану үшін бюджеттен 635 млн. теңге қаржы бөлдіруді сұрайды.