Қ. Бишімбаев Қазақстаннан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің басқарушысы болып тағайындалды

Отырыс барысында қатысушылар АИИБ бюджетін талқылады, Басқарушылар кеңесі төрағасын және оның орынбасарларын, кезекті отырысты өткізу күні мен орнын сайлады.
Қуандық Бишімбаев Қазақстан Азияда өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейту үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.
«АИИБ ынталандыру ролін атқарады және әлемдік экономиканың экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін инфрақұрылым құрылысына жаңа инвестициялар легін әкеледі», - деді министр.
Осыған байланысты, Қазақстан Қытайдың АИИБ құру жобасы бойынша бастамасын әуел бастан қолдады және АИИБ ортақ құрылтайшыларының бірі бола отырып, дайындық жұмыстарына белсене қатысады.
Еске сала кетейік, АИИБ құрудың негізгі мақсаты экономикалық дамуға, әл-ауқатты жақсартуға құруға жәрдемдесу және Азияда инфрақұрылымға басқа да өндірістік секторларға инвестициялар салу арқылы инфрақұрылымның өзара байланысын жақсарту болып табылады. 57 елдің 37-і Азия елдері, 20-сі - өңірлік емес елдер болып табылады. Қытай, Үндістан, Ресей және т.б. ірі акционерлер болып табылады. Банк қызметінің маңызды қағидаты өңірлік және ғаламдық экономикалық дамуға жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірген барлық елдер үшін ашықтық болмақ. Қаржыландырудың басым бағыттары энергетика, көлік, логистика, қалалық және ауылдық инфрақұрылым және т.б. болады.