Қ.Келімбетов бастаған қазақстандық делегация Мәскеуде ЕЭК және ТМД ЭК-нің іс-шараларына қатысты

Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов бастаған қазақстандық делегация қатысты, деп хабарлады Үкімет басшысының ресми сайты.
Кеңес отырысында интеграциялық үрдістерді дамыту бағыты, сонымен қатар кеден саясаты, енгізілетін кедендік алымның мөлшерлемесі, КО пен БЭК-тің келісімдік-құқықтық базасын құрайтын халықаралық келісімшарттарды түгендеу мәселелері қарастырылады.
15 наурызда қазақстандық делегация Тәуелсіз елдер достастығы Экономикалық кеңесінің кезекті отырысымен қатар өтетін ТМД-ға мүше-мемлекеттердің «Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен Достастық кеңістігінде интеграцияны дамытудың перспективалары» атты халықаралық экономикалық форумға да қатысты. Форум жұмысына ТМД Экономикалық кеңес мүшелері, ТМД мүше-мемлекеттердің экономикалық даму, өнеркәсіп және сауда министрліктерінің қызметкерлері, билік органдарының, салалық бірлестіктердің, банк қоғамдастықтарының өкілдері, ТМД қатысушы-елдердің кәсіпкерлері қатысты.
Форумның басты тапсырмалары экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын және тетігін талқылау болып табылады. Сонымен қатар, Еркін сауда-саттық аумағы туралы келісімшартты және 2020 жылға дейінгі мерзімге ТМД мүше-мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасын жүзеге асыру, Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өзара әрекет мәселелері кешенін қарастыру жоспарланған.
Қазақстандық делегацияның басшысы Қайрат Келімбетов ТМД қатысушы-елдердің экономикалық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде: «Өтіп жатқан іс-шара бүгінгі таңда аса өзекті тақырып - экономикалық интеграция бойынша ТМД мүше-мемлекеттердің тиімді диалогына арналған тағы бір алаң болып табылады. Форум алаңында пікір және іс-тәжірибемен алмасу маңызды болып табылады, біз еуразиялық кеңістіктегі экономикалық ландшафтты түбегейлі трансформациялау үдерісіне қатысамыз», - деп айтып өтті.