Қ. Келімбетов Санкт-Петербор экономикалық форумына қатысуда

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Қайрат Келімбетов Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан экономикалық форумына қатысуда. Бұл туралы аталмыш Қордың баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Бұл жылғы форум тақырыбы: «Әлемдік экономика: қалпына келтіру процесін басқару», «Ресей: бүгін және ертең. Болашаққа көз жіберу». Биылғы форумға 52 елден 2300-ден астам адам қатысып жатыр, оның ішінде Ресейдің 74 компаниясының, шетелдің 69 компаниясының басшылары бар.

«Маусымның 17-де Қ. Келімбетов «Бизнес-диалог Ресей»- ТМД» Іскерлік дөңгелек үстөлдің жұмысына қатысты, ол бойынша аймақтардың бизнес-лидерлері бәсекенің күшейіп, инновация мен модернизацияның артып жатқан кезінде ынтымақтастықты кеңіту қажеттігін талқылады», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Қайрат Келімбетов: «Біздің елдің басшыларының Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістік құру жолындағы атқарған ауқымды шаруалары, ең алдымен бизнесті дамытуға қолайлы жағдай туғызып, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталды», деп атап көрсеткен.

«Ресей мен Қазақстан Біріккен Еуразиялық Даму банкін құрған алғашқы мемлекеттер болып отыр. Ал ол банк интеграциялық ынтымақтастықта маңызды рөл ойнайды. Дағдарысқа қарсы құны 10 млрд.АҚШ долларын құрайтын Қор құру туралы бастама қиын кезеңде көтерілді және интеграцияның кең талқыланатын идеяларын жеделдетті. Ал ол кезде дағдарыспен бірігіп күресу маңызды еді», деген мемлекеттік холдинг басшысы. «Қазақстан мен Ресей арасында құрылған біріккен кәсіпорындар, мәселен «Самұрық-Қазына» құрамына кіретін компаниялар, «Газпром», «Русал», «ИнтерРАО» бірге құрылған компаниялар, болашақта «Росатоммен» құрылатын компаниялар-мұның бәрі біздің экономикаларымыздың бірін-бірі толықтыруына мүмкіндік береді. Біз бүгін осы туралы айтып жүрміз. Осы қауымдастықтар, біріккен кәсіпорындар, серіктестік қатынастар осының бәрі бізге сиергетикалық тиімділік береді, сөйтіп, біздің бизнестің бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді», деген Қайрат Келімбетов бүгінгі таратылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ертең Қ. Келімбетов «Sovereign Қорлар: ғаламдық қатерлер мен мүмкіндіктер" атты талқылауға қатысады. Қордың төрағасының айтуынша, Петербург экономикалық форумы дағдарыстан кейінгі әлемдегі тұрақты өсімді қамтамасыз ету үшін орнықты қаржылық архитектура болуы керектігі туралы мәселелерді талқылауға жақсы алаңқай болды. Ғаламдық экономикадағы қуаттың таралуындағы өзгерістер мен әлемдік жаңа сұраныс та жаңа қаржылық архитектурадан орын алуы керек.

Соңғы жаңалықтар