К. Көкірекбаев ауыр атлетика бойынша әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаевқа көлік кілтін табыстады

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ескерткіштің ашылу уақытында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев 94 келі салмақ санатындағы әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаевқа жол талғамайтын көлік кілтін, сондай-ақ чемпионның бапкеріне 1 млн. теңге ақшалай сертификатын табыстады», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бүгін Таразда «Тараз-Арена» спорт сарайында қазақ палуаны Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған «Еуразия барысы» қазақ күресі бойынша халықаралық чемпионат басталады.
Аталмыш турнирге 12 елден 160 спортшы қатысады. Олар: Әзербайжан, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Беларусь елдерінен келген кіл мықтылар. Ойын командалық жарыс форматында бес салмақ санатында өтеді.
«Еуразия барысы» екінші турының жүлде қоры 100 мың доллар.