Қ. Көшербаев алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге жіті дайындалуды тапсырды

Отырысқа өңір басшысының орынбасарлары, тиісті басқармалар басшылары және сала мамандары қатысты. Оның барысында үстіміздегі жылы өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы қаралды.
Білім, спорт саласына жеке тоқталған Қырымбек Көшербаев, былтырғы жылғы ҰБТ нәтижесі көңіл көншітпегенін тілге тиек етті және басқарма басшыларына осы салада кенже қалған бірқатар мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, аудан әкімдері мен мектеп директорлары Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде оқушыларды орналастыру, оларды тамақтандыру және көлікпен қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ психолог мамандардың жұмысын жетік ұйымдастыруды қадағалауға міндеттелді.
Осы аталған жұмыстардың дұрыс жүргізілуіне бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназароваға тапсырылды.