Қ. Көшербаев Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттеріне дәріс оқыды

АЛМАТЫ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттеріне дәріс оқыды.
None
None

Оқу орнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Келешекке кемел біліммен» деп аталатын дәріске 500-ге жуық студент пен магистранттар қатысты.

«Осыдан екі ай бұрын Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында барған сайын тарығып, өзара тәуелділігі артып келе жатқан әлемді сипаттады. Ондағы Қазақстанның алуы тиіс орнын анықтап берді. Жаңа бір жаңғыруды аңсап тұрған Сыр өңірінің басшысы ретінде облысты дамытуға бағытталған қам-қарекетті дүниенің тынысымен үндес ету біз үшін де аса маңызды. Кез келген елдегі болашақты болжау, келешектің келбетін анықтауға тырысып, соған қарай жоспарлау ең әуелі кімге керек, ол жоспарды кімдер іске асырады деген сұраққа жауап іздер болсақ, назарымыз жастарға ауатыны айтпаса да белгілі», - деді Қырымбек Елеуұлы.

Аймақ басшысы еліміздегі шешімін күтіп тұрған күрмеулі мәселелерге де тоқталды. Ескірген әрі әлсіз инфрақұрылым, техникалық тұрғыда артта қалу, әлі де ретке келмей жатқан мәселелердің көптігі, білікті мамандардың жетіспеушілігі еліміздің бай, қуатты, өркениетті дамыған елге айналуына басты кедергілер екенін баса айтты. Дүниежүзілік саяси күштің ара салмағы, елдегі демографиялық жағдай, ғаламдық көші-қон, азық-түлік пен энергетикалық қауіпсіздік, техника мен технологиялардың дамуы назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, инновацияны ғылымға негіздеу арқылы өндіріс пен ғылым арасында жанды шығармашылық байланыс орнату турасында да бірқатар ұтымды ойларын ортаға салды. Облыстың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жасауға атсалысуға Ресейдің білікті ғалымы, академик Абел Гезевич Аганбегянды арнайы шақыртқандығын да сөз барысында айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар