Қ. Көшербаев Қызылорда облыстық ІІД-ге қызметтік жаңа көліктердің кілттерін табыс етті

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Биылғы жылы аймақ басшысының тікелей қолдауымен облыстық ішкі істер департаментіне 100 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, оған 18 қызметтік автокөлік сатып алынды.
Бұдан бөлек, ҚР Ішкі істер министрілігінен департаментке арнайы техникалар мен автокөліктер ұдайы бөлініп отырады. Мысалы, жуырда ОІІД-нің Криминалистика басқармасы «Фольксваген Графтер» автокөлігі берілді. Бұл техника қылмыстық оқиға болған жерге жылдам жетіп, криминалист мамандардың шұғыл және жан-жақты жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Жылжымалы криминалистикалық зертханасы - ауыр және аса ауыр қылмыстар болған жерлерге тексеру жүргізіп, қылмыс болған жерден трасологиялық, биологиялық, баллистикалық, ДНК, дактилоскопиялық алғашқы зерттеулер жүргізуге, суық қару, жарылғыш заттар мен олардың қосалқы бөлшектері бар қылмыс іздерін табуға, бекітіп алуға, тасымалдауға арналған.
Автокөліктерді тапсыру рәсімінде аймақ басшысына Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Ж.Бақтыбаев ІІМ-нен бөлінген арнайы автокөліктерді таныстырды. Мұнан соң Қырымбек Көшербаев Ішкі істер департаментінің бөлімшелерімен танысып, «Динамо» спорт кешенін аралап көрді. Сондай-ақ жол полициясы басқармасы ауласында автокөліктер үшін салынатын гараждың құрылыс жобасымен танысты.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер органына әрқашан көңіл бөліп келеді. Қоғамымыздың тыныштығын сақтайтын сіздердің еңбектеріңіздің орасан екендігін жақсы түсінеміз. Бүгінгі сіздерге беріліп жатқан автокөліктер жұмыстарыңыздың одан әрі жандана түсуіне өз ықпалын тигізеді деген сенімдемін. Алдағы уақытта да сіздерден сапалы жұмыс күтеміз», - деп аймақ басшысы.