Қ.Көшербаев Қызылорда облысының активіне өзінің жаңа орынбасарларын таныстырды

Атап айтқанда, Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылғы 13 ақпандағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қызылорда облысы әкімінің орынбасарлары болып Нұртаев Рзақұл Сәденұлы, Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы және Әлібаев Нұржан Нұрмағамбетұлы тағайындалды.
Нұртаев Рзақұл Сәденұлы 1982 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері», 2001 жылы Мәскеу экономика және статистика институтын «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы «Қазжарылысөнеркәсіп» тресінің Алматы құрылыс басқармасында жерасты жұмыстарында ұңғушы болып бастаған, 1984-1986 жылдары Байқоңыр қаласының № 05909 әскери бөлімінде инженер, 1986-1987 жылдары Байқоңыр қаласының «Арнайымашмонтаж» мекемесінде инженер, 1987-1990 жылдары Байқоңыр қаласының № 10992 әскери бөлімінде жұмыс өндіруші, 1990-1993 жылдары «Қазжылумонтаж» мекемесінің бастығы, 1993-2001 жылдары Төретам кентінің әкімі, 2001-2004 жылдары «Инфракос» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры, 2005-2007 жылдары Қармақшы ауданының әкімі, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2008-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2012 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.
2012 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
Рзақұл Нұртаев енді облыс әкімінің орынбасары ретінде агроөнеркәсіп саласына жетекшілік жасайтын болады.
***************************
Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы 1994 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтын «дәрігер - педиатр», 2006 ж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері болып бастады, 1995-1997 жылдары Қызылорда қалалық балалар ауруханасында бөлім меңгерушісі, бас дәрігер орынбасары, 1997-1999 жылдары Республикалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері, 1999-2001 жылдары Қызылорда облыстық денсаулык сақтау басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, 2001-2003 жылдары Қызылорда қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері, 2003-2004 жылдары Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, 2005-2007 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласын бақылау комитетінің Қызылорда облыстық басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
2007 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда медициналық колледжінің директоры қызметін атқарып келді.
Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы - облыстық мәслихаттың депутаты ретінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жетік біледі, саяси технологияларды меңгерген тәжірибелі маман.
Облыс әкімінің орынбасары ретінде әлеуметтік сала мен ішкі саясат мәселелеріне жауап беретін болады.
**********************
Әлібаев Нұржан Нұрмағамбетұлы 1967 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында туған. 1992 ж. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "инженер-механик", 2002 ж. «Әулие-Ата» халықаралық бизнес университетін "экономист-қаржыгер", 2004ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Арал қаласындағы қайық жөндеу зауытының 1-разрядты слесарь-жинаушысы болып бастаған, 1985-1987 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет етті, 1987-1988 жылдары Арал қаласындағы бұрғылау сорғыш-компрессорлық құрал-жабдықтарды шығаратын зауыттың 2-разрядты слесарь-жинаушысы, 1988-1992 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенті, 1992-1995 жылдары Алматы қаласындағы«ҚазТЕЛМА» ЖШС менеджері, 1995-2001 жылдары «Анико» ЖШС директоры, Алматы қаласы, 2001-2002 жылдары Тараз қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2003 жылдары «Тараз-2000» корпоративтік қорының директоры, 2003-2005 жылдары Тараз қаласы әкімінің бірінші орынбасары, 2005-2006 жылдары «Мал өнімдері Корпорациясы» АҚ басқарушы директоры, Астана қаласы, 2006-2007 жылдары Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, 2007-2009 жылдары «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» МКҚК директоры қызметтерін атқарды.
2009 жылдан осы уақытқа дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарып келді.
Облыс әкімінің орынбасары ретінде құрылыс және төтенше жағдайлар саласына жетекшілік жасайтын болады.