08:45, 16 Наурыз 2013 | GMT +5
Қ.Көшербаев «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болды
ҚЫЗЫЛОРДА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылордада «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының облыстық филиалының кезектен тыс ХIII конференциясы өтті.

Онда өңір әкімі Қырымбек Көшербаев «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.
Жиынға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, партия мүшелері, облыстың сала басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыста «нұротандықтар» аймақ басшысы Қырымбек Көшербаетың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Партия Төрағасының бірінші орынбасары жаңа жетекші Қырымбек Көшербаев қабілет-қарымының арқасында көптеген мақсаттарға қол жеткізіп, қоғамға өз үлесін қосып келе жатқан іскер ұйымдастырушы екенін айтып, партия ұйымының жұмысына сәттілік тіледі.