Қ. Көшербаев Олимпиада чемпионына екі бөлмелі пәтер кілтін табыс етті

Бауыржан 16-28 тамыз аралығында Нанкинде өткен Олимпиада ойындарында дзюдодан жеңімпаз атанып, Қазақстанға алғашкы алтынды алып берген еді.Облыс басшысы Сыр толағайына екі бөлмелі пәтер кілтін табыс етіп, лайықты кұрмет көрсетті. Бауыржан мұның үлкен қуаныш екенін, Нанкинде көрсеткен нәтижесіне көңілі толатынын айта келе, алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрінуге уәде берді. Сондай -ақ, Илья Ильинге ұқсап, ересектер арасында Олимпиада чемпионы болғысы келетін арманын айтты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев үстіміздегі жылдың 19 қыркүйек - 4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін 17-ші Азия ойындарына облысымыздан 15 саңлақ 8 спорт түрінен қатысатындығын, қазіргі танда олардың аталмыш ойындарға дайын екендіктерін жеткізді.