01:43, 29 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қ.Көшербаев өңірдің белсенді кәсіпкерлерін марапаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың қарсаңында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кәсіпкерлермен кездесіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы жылды жемісті аяқтаған кәсіпкерлерді табыстарымен құттықтап, бизнес пен билік арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.
Шара барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов, өңірлік кеңес мүшесі Нұрбек Айымбетов, Қармақшы аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Балахан Балмаханов, кеңес мүшесі Сейфулла Ажмолдаев және өзге де кәсіпкерлер шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің «Алғыс хатын» иеленді.