Қ.Қожамжаров: 2015 жылы тиімсіз жұмсалған бюджет қаржысының сомасы 3,7 млрд. теңгені құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ҚР Президентінің көмекшісі Ербол Орынбаевтың қатысуымен алқа мәжілісі болып өтті. Онда агенттіктің бірінші жартыжылдықтағы жұмысы қорытындыланды.

Бұл туралы агенттік таратқан баспасөз баянында хабарланған.

Ербол Орынбаевтың атап өтуінше, Мемлекет басшысы бірінші институционалдық реформаға ерекше мән береді, себебі оның іске асырылуы басқа міндеттердің орындалуына тікелей әсер етеді.

Президенттің көмекшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне кәсіби әрі автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда негізгі бағыттарды айқындау бойынша жауапты міндет жүктелгенін атап өтті.

Алқа мәжілісі барысында Агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша нақты міндеттерді атады. Оның ойынша, осы мақсаттарға қол жеткізу үшін өзге мемлекеттік органдармен, қоғаммен және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажет.

Норма шығармашылық қызмет бөлігінде әзірленіп жатқан заң жобаларының жоғары сапасын қамтамасыз етуге ден қойылды. Қазіргі уақытта Агенттік «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасын дайындау бойынша жұмыстарды аяқтап жатыр, онда меритократия принциптерін енгізудің, ынталандыруды күшейту және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырудың негізгі тетіктері көрсетілген.

Тиімді жұмыс үшін ақы жаңа факторлық-балдық төлем жүйесі бойынша төленетін болады.

Бұл әділдік принципін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өйткені орындалатын жұмыстың күрделілігі, жауапкершілік деңгейі мен құзырет деңгейі есепке алынады.

Осыған орай мемлекеттік орған қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне сапалы сараптама жасауды қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударылды.

Алдағы уақытта өтетін мемлекеттік қызметкерлердің кезектен тыс аттестациясы туралы айтқан Қайрат Қожамжаров, оның басты мақсаты кәсіби және жеке әлеуеті жоғары кадрларды анықтау, ынталандыру және оларды дамыту екенін атап өтті.

Агенттік төрағасы реформаны жүзеге асыру аясында персоналды басқару қызметтерінің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, өзгерістерді жүзеге асыру міндеті осы қызметкерлерге жүктеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басты басымдыққа ие бағыты азаматтарды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен қорғау, ал басты көрсеткіші - халықтың сенімі.

Оның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді, бюджет қаржысын тиімсіз пайдалануды болдырмау мәселесіне айрықша мән беріледі (есеп беру кезеңінде бұл сома 3,7 млрд. теңгені құраған).

Кайрат Қожамжаров кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың жаңа әдістері халықаралық тәжірибедегі ең үздік тәжірибелер мен мемлекеттік қызметтің апробациядан өткен тетіктері негізінде енгізілуі тиіс екендігін атап өтті. Осы тұста шетелдік жетекші консалтингтік HR-компаниялар мен мемлекеттік басқару саласындағы беделді эксперттермен тығыз іс-қимыл және ынтымақтастық маңызды рөл ойнайды.

Соңғы жаңалықтар
telegram