Қ.Мәмидің төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы өтті

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы өтті.
None
None

Отырыста Сенаттың тұрақты комитеттері мен палата Аппаратына Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобасы бөлініп берілді.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын одан әрі зерделеу үшін Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне берілді.

Бюрода сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2012 жылғы 11 қаңтардағы  № 1081-IV ПС қаулысына өзгерістер енгізу  туралы» мәселе талқыланды.

Одан басқа палатаның 2012 жылғы 12 сәуірдегі отырысының күн тәртібіне ұсыныстар талқыланды.

Депутаттардың талқысына «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери мақсаттағы өнім жасауға қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары ұсынылатын болды.

Сондай-ақ отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2012 жылғы 11 қаңтардағы №1081-IV ПС қаулысына өзгерістер енгізу  туралы» мәселені қарайды.

Соңғы жаңалықтар