К.Мәсімов: 2005 жыл. Сайлау арқылы демократияландыруға

ТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - «2005 жылғы 9 қыркүйекте «Отан» партиясының VIII төтенше съезі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенттігіне ұсынды. 4 желтоқсанда ол 91% дауыс жинап, қайтадан сайланды.
None
None

Президент сайлауы әлемдік қоғамдастыққа Қазақстан Республикасының қашанда демократиялық реформаларды ұстанатындығын көрсетті», - деп жазған "Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасының аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің Facebook- тегі парақшасына.

Үкімет басшысының пікірінше, бақылаушылар тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның қысқа тарихын және демократияландыру ұзақ үдеріс екендігін ескеріп, сайлау тәжірибесі және Қазақстанның сайлау заңнамасы жылдам қарқынмен жетілдірілуде деген қорытынды жасады. Шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың тәуелсіз бақылаушыларының бағасына сәйкес, Қазақстанда президенттік сайлау ашық, әділ және еркін өтті.

«Егемендікке қол жеткізген жиырма жылда Сіздің өміріңізде қандай өзгерістер орын алды, 2005 жылы қалаңызда, ауылыңызда қандай қызықты оқиғалар болғаны, Тәуелсіздіктің сіздің жеке басыңызға қалай әсер еткені туралы айтыңыздар. Жоба аяқталған соң үздік пікір білдіргендерге бағалы сыйлықтар дайын», деп атап өтілген Премьердің парақшасында.

«Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасымен Facebook, В Контакте әлеуметтік желілерінде және Премьер-Министрдің ресми сайтында http://pm.kz/20 танысыңыздар.

Соңғы жаңалықтар