К.Мәсімов Алматының суағар арықтарын тексермек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Алматы әкімі Бауыржан Байбекке қала көшелерінің суағар арықтарын тазалау мәселесіне назар аударды.
None
None

Өз кезегінде Б.Байбек қаланың 188 шақырым суағар арығы бүгінгі күні қоқыстан тазаланғанын атап өтті.

«Толықтай алғанда, мәселе терриоторияларды жалғастыруда болып тұр. Олар Өзенде орналасқан. Ол жақта проблема болды, болады да. Дегенмен, біз қазір оны шешіп жатырмыз», - деді Алматы басшысы.

Осы ретте Үкімет басшысы Алматыға сапарында қала арықтарын тексеретіндігін ескертті.

«Барған кезімде аралап көретін боламын. Сіз алдын ала ол жақты көріп шығыңыз», - деп ескертті К.Мәсімов қала әкіміне. 

Соңғы жаңалықтар