18:12, 09 Шілде 2010 | GMT +5
К.Мәсімов Арқалық қаласындағы «Қайрат» спорт клубында болды
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Арқалық қаласындағы «Қайрат» спорт клубында болды.

Жалпы аумағы 2 277 шаршы метрді құрайтын спорт клубының негізі 1986 жылы қаланған. Ғимаратта күрес, бокс, кір спортымен айналысуға бейімделген спорт залдары мен аумағы 1 мың шаршы метрден астам жаттығу залы бар.
Жаттықтырушылар құрамы - 15 адам. Клубта 450-ден астам спортшы жаттығуда.