К. Мәсімов «Арселор Миттал Теміртау» компаниясынан жұмыс орнын сақтауды талап етті

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов «Арселор Миттал Теміртау» АҚ басшысынан жұмыс орнын сақтап қалуды талап етті, - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Арселор Миттал Теміртау»  - елдің, өңірлік жүйе құраушы кәсіпорындарының бірі. Бұл жерде көп адам еңбек етеді. Сіздерге басқа кәсіпорындардың жұмысы тәуелді.  Қиындыққа қарамастан жұмыс орнын сақтағандарыңды қалар едім", - деді Мәсімов Теміртауда тау-кен саласындағы жағдай бойынша өткен мәжілісте.

 Ол Үкімет компанияға жәрдемдесуге әзір екенін айтты.

Облыс әкімі Н. Әбдібековтің хабарлауынша, соңғы 5 жылда кәсіпорында 8 мыңнан астам жұмыс орны қысқарды. «Бұл үдеріс сақталуда. Штат санының қысқаруынан еңбек қарқындылығы артып, бұл қауіпсіздіктен көрініс табуда.  Бұдан басқа, ұжымда әлеуметтік шиеленіс тудырады», - деді өңір басшысы.

К.  Мәсімов бұл тілегін  басқа сала кәсіпорындарының басшыларына да бағыттады.

 

Соңғы жаңалықтар