К. Мәсімов АШМ мен облыс әкімдіктеріне АӨК мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрлігімен өсімдік шаруашылығындағы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттандырды.
Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрімен гектарлық субсидия механизмінің кемшіліктері, гербицидтер мен тыңайтқыштарды сатып алу бойынша шығындарды субсидиялау механизмдерінің қаржыландырылмауы және егістік алқаптарды әртараптандырудағы проблемалық мәселелері атап өтілді.
Кеңес кезінде Ауыл шаруашылығы министрі жаппай кәсіпкерлікті дамытуға қатысты Елбасының тапсырмасын орындау шеңберінде жеке қосалқы шаруашылық әлеуетін пайдалану мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі таңда жеңілдікпен несие беру және жеке қосалқы шаруашылық кооперативтерін субсидиялау құралдарын әзірлеп жатқандығын атап өтті. Аймақтарда жеке қосалқы шаруашылық кооперативтерінен көкөніс өнімдерін сатып алу және жүзеге асыру үшін сервистік-дайындау орталықтарын және көкөніс-жеміс сақтау қоймаларын құру қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, электрондық астық қолхаттарын ендіру институттарын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
Кеңестің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп АӨК мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, ауыл халқын тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және АӨК өнімдерін шығару көлемін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін жеке қосалқы шаруашылық әлеуетін пайдалану бойынша шараларды жүзеге асыруға кірісуді тапсырды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ облыс әкімдіктеріне майлы және жемдік дақылдардың үлесін арттырумен егін алқаптарының құрылымын диверсификациялау бойынша меморандумдардың орындалуы, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға (астықты терең өңдеу, майлы дақылдар) инвестициялар тартуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.