К.Мәсімов биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды табыс ету қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы Үкімет қаулысына қол қойды

ТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды табыс ету қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы Үкімет қаулысына қол қойды. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.
None
None

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 807

2011 жылғы 15 шілде, Астана, Үкімет Үйі

Биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды табыс ету қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республика­сының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Биоотын айналымы бойынша декларацияларды табыс ету қағидасы мен мерзімдері;
2) Биоотын айналымы бойынша декларацияның нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Соңғы жаңалықтар