К.Мәсімов: «Битум өндірісін дамыту - отандық жол инфрақұрылымының негізгі мәселесі»

АНА. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда жол инфрақұрылымын дамыту үшін отандық өндірістердің күш-қуаты жеткілікті. Осы салада туындап отырған басты мәселе - битум өнімінің тапшылығы.
None
None

Бүгін «Астана - Щучинск» автожолының құрылысымен танысқан ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов осы мәселені атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Битум өндірісін дамыту - отандық жол инфрақұрылымының негізгі мәселесі. Осыған орай бүгінгі таңда Үкімет жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Меніңше, бүгінде әлемді шарпыған қаржы дағдарысы жағдайында жол құрылысын дамыту жобалары қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, ел индустриясын серпілтуге жол ашады. Осының арқасында Қазақстан бүгінгі жоғары экономикалық жетістіктерге жетіп отыр деп білемін»,- дейді К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар