К.Мәсімов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары М.Сидибемен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов БҰҰ Бас хатшысының Орынбасары, АИВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Біріккен бағдарламасының (ЮНЭЙДС) атқарушы директоры Мишель Сидибемен кездесті, деп хабарлады primeminister.kz.
None
None

Кәрім Мәсімов Мишель Сидибемен кездесуде АИВ/ЖИТС-тің алдын алу және емдеу, эпидемиологиялық бақылау мәселелерінде біздің елімізге қолдау көрсетіп, жәрдемдескені үшін мәртебелі мейманға алғысын білдірді.

Сөз кезегінде М.Сидибе Қазақстанның ЖИТС індетімен күрестегі тиімді жұмысын атап өтіп, денсаулық сақтау саласында екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар