К. Мәсімов «Exxon Mobil» аға вице-президентімен кездесті

«@exxonmobil корпорациясының Аға вице-президенті Марк Альберспен кездесу өткіздім. #Kashagan мәселесін талқыладық», - деп жазды ҚР Премьер-Министрі Twitter-дегі парақшасында.
«Эксон Мобил» корпорациясы әлемдегі ірі мұнай-газ компаниясы болып табылады, оның акциялары ашық бағалы қағаздар нарығында еркін айналымда. Компания мұнай және газ барлаумен, шығарумен, мұнай өнімдерін өндірумен, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газ бен мұнай өнімдерін тасымалдаумен және сатумен айналысады.
Еске салайық, Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз ететін шаралардың бірі 2016 жылдың қазан айына жоспарланып отырған Қашағанның іске қосылуы болады. 2011 жылдан бастап «Эксон Мобил» 16.81% акциясымен «Үлкен жетілік» - Қашаған инвесторларының құрамына кірген.
ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев кеше хабарлағандай, Қашағанда мұнай шығару биылғы жылдың өзінде 500 мың тонна шикізатпен қамтамасыз етеді.