К. Мәсімов Қарағанды облысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында мамандандырылған ХҚО-ға барды. Бұл туралы ҚР Үкіметі басшыларының баспасөз қызметінде хабарланды.
None
None

Мамандандырылған ХҚО-да К. Мәсімов халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» жұмысымен танысты.

Сондай-ақ Премьер-Министрге көлік құралдарын тіркеу үдерістерін оңтайландыру және жер қатынастары саласында қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаларды таныстырды.

Мамандандырылған ХҚО заманауи жабдықпен жарақталған. Азаматтардың мәселелерін шешу үшін мұнда әкімшілік полиция және мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері бар. Өткен жылы орталықта автокөлікті тіркеу бойынша 58 мыңнан астам құжат қабылданып, 7 мыңнан астам жүргізушілік куәлігі берілді.

Мамандандырылған ХҚО-да қарағандылықтар нөмір белгілерін алып, техникалық төлқұжатты ресімдей алады. Бұл ретте автомобиль иелеріне қызмет көрсету  қажетті құжаттар саны  сияқты барынша қысқартылған.

Еске салсақ, 2016 жылғы 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызды қызметтерді көрсететін республиканың барлық ХҚО-лары бір «Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына біріктірілді.

Соңғы жаңалықтар