К.Мәсімов Қазақстанның батыс облыстарына жұмыс сапарымен барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Селекторлық режімде өткен Үкімет отырысы аясында Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов батыс облыстардың әкімдеріне жұмыс сапарымен баратынын мәлімдеді. Аталған үндеуді ол Атырау облысындағы Теңіз кен орнын кеңейту жобасы туралы айтқан ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың сөзінен кейін айтты, деп жазады pm.kz.
None
None

 «ТШО кеңейту жобасын жүзеге асыру аясында 24 мың жұмыс орны құрылуы тиіс, оның 19 мыңы Атырау облысының аумағында. Жергілікті қамту шамамен 32%-ды құрайды деп күтілуде. 37 млрд доллардың 32%, яғни 12-13 млрд доллар мұнай сервистік компаниялар мен жеткізушілер арқылы экономикаға құйылуы тиіс. Біз ТШО-ға консорциумдар немесе бірлескен компаниялар құрғаннан кейін ғана батыс компанияларын шақыруды ұсындық», - деді Қ. Бозымбаев.

Министрдің сөзі Кәрім Мәсімовтен қолдау тапты.

«Батыс өңірлерге, Атырау, Маңғыстау облыстарына қашан баратынымды алдын ала қарауым қажет. Бұл мәселелерді өзіңіз айтқан деректерді ескере отырып, сол жерде қарау керек. Шешім қабылдаймыз», - деді К. Мәсімов.

Өз кезегінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазіргі уақытта сәйкес жұмыс тәжірибесі бар мұнай сервистік компаниялар жұмылдырылғанын айтып өтті.  

«ТШО кеңейту туралы жаңалық компанияларды жігерлендірді. Олар осы жобаға қатысуға ниет білдіріп отыр. Басқа өңірлердегі компаниялардан ұсыныстар түсіп жатыр», - деп баса айтты Н. Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар