К. Мәсімов ҚР ИДМ басшысына мемлекеттік қаржы бағытталған жобаларды ерекше назарға алуды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік қаржымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ерекше назарда болуын тапсырды.
None
None

«Егер де кәсіпкер өзінің жеке қаржысына кәсіпорын құрғысы келсе, онда ол қалағанын істеуге құқылы, яғни бұл кәсіпкердің жеке қаржысы болғандықтан біз оған не салу керектігі жайында бұйрық бере алмаймыз. Бұдан бөлек, егер кәсіпкер несиені коммерциялық банктен алса, онда банк тарапы жобаға байланысты сараптама жүргізуі тиіс. Бұл тұрғыда қаржыландыру кезінде банк тәуекелге барады. Ал егер де мемлекеттік қаржы тартылса, онда осы орайда талап та басқаша болуы тиіс», - деді Үкімет басшысы ҚР ИДМ басшысы Ә. Исекешев пен өңір әкімдеріне қаратып айтқан сөзінде.

Бұл тұрғыда К. Мәсімов мемлекеттік қаржы бөлінген жобалар бағытында министрлік пен «Атамекен» тиісті үйлестіру шараларын жүргізуі керектігін тапсырды.

«Барша экономикалық ахуал түбегейлі өзгеруде. Инвестиция жасаған кезде біз әр теңгені тиімді жұмсауымыз керек», - деп түйді ҚР Премьер-Министрі.

Соңғы жаңалықтар