К.Мәсімов: «Менің Отаным - менің Қазақстаным»
ҚР Премьер-Министрі атап өткендей, «Қазақстан Республикасының жаңа әнұранына 1956 жылы жазылған "Менiң Қазақстаным" әні негіз болды. Мемлекеттік әнұран дәрежесіне сәйкес мәтінге өзгерістерді ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев енгізді, кейін ол мәтін авторларының бірі болды.
Сондай-ақ, әнұранды тыңдау ережелері өзгертілді. Ендігі жерде ресми рәсімдерде әнұран орындалған кезде қатысушылар орындарынан тұрып, оң қолын сол жақ кеудесіне, жүрек тұсына қоюы тиіс».
Егемендікке қол жеткізген жиырма жылда Сіздің өміріңізде қандай өзгерістер орын алды, 2006 жылы қалаңызда, ауылыңызда қандай қызықты оқиғалар болғаны, Тәуелсіздіктің сіздің жеке басыңызға қалай әсер еткені туралы айтыңыздар. Жоба аяқталған соң үздік пікір білдіргендерге бағалы сыйлықтар дайын.
«Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасымен Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде және Премьер-Министрдің ресми сайтында http://pm.kz/20 танысыңыздар.