К.Мәсімов Моңғолияда өтетін XI АСЕМ саммитіне қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі Еуропа және Азия елдерінің саммитіне (АСЕМ) қатысу үшін Моңғолияға келді, оның аясында бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған, деп хабарлайды Pm.kz.
None
None

Ұлан-Батыр қаласына барар жолда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен К.Мәсімов Өлгей қаласына барып, бірқатар кездесулер өткізеді. 

Сапар барысында қазақ диаспорасымен кездесу, мұражай мен драма театрына бару жоспарланған. Сонымен қатар Өлгей қаласындағы орта мектепке бару көзделген.

Өлгей қаласы орналасқан облыс халқының басым бөлігін қазақ диаспорасы құрайтынын атап өткен жөн. Мұнда барлығы 90 мың адам тұрса, оның 88,7% бөлігін қазақтар құрайды.

АСЕМ (Asia - Europe Meeting, ASEM) - ашық, ресми емес, аймақаралық диалогтік үдеріс болып табылады, оның аясында қатысушы елдердің саясат пен қауіпсіздік, қаржы-экономикалық және әлеуметтік-мәдени салалардағы ынтымақтастығы жүзеге асырылады.

Форумның күн тәртібінде жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс салдарын жеңу, қазіргі және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы әрекеттер, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, энергиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты даму, климаттың өзгеруі, экология, мәдени байланыстарды ілгерлету және т.б. бағыттар қамтылған.

Қазіргі кезде АСЕМ құрамына 53 мемлекет кіреді.  

Соңғы жаңалықтар