К.Мәсімов ОҚО әкімі мен Көлік және коммуникация министрін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолына қажетті жер телімдерін сатып алу жұмыстарын аяқтамаса, жазалауға уәде берді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Мырзахметов пен Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиевті жазалауға уәде берді.
«Менің сіздерге екі мәселе бойынша наразылығым бар. Бірінші мәселе - Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша, шағын несиелеу мен кадрларды дайындауға қатысты. Мендегі бар ақпаратқа сәйкес, бұл жұмыстар әлі басталмаған да», - деді К.Мәсімов.
Екінші мәселе «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолына қажетті жер телімдері сатып алу жұмыстарына қатысты екендігін баса айтқан ол: «Мен сіздерге бір рет тапсырма бердім, жер сатып алу аяғына дейін жүргізілген жоқ», - деді.
Бұл орайда ОҚО әкімі жерді сатып алу жұмыстарын әкімдік емес, Көлік және коммуникация министрлігі жүргізу керек деген пайымын алға тартты.
«Бұл іспен министр немесе сіз айналысасыз ба, маған бәрібір. Маған мәселенің шешілгені қажет. Екеуіңіз керісетін болсаңыздар, онда екеуіңізді де жазалаймын», - деді Премьер-Министр.