К.Мәсімов пен Л.Кэцянның қатысуымен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі өтуде
Жиынды ашқан кеңестің тең төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мұндай шаралардың маңызын айрықша атап атты.
«Қытай Халық Республикасының үкіметі, ірі және орта бизнесі өкілдерімен бүгінгідей форматта өткен алғашқы кездесудің жемісті болғанын ерекше айтқым келеді. Мемлекеттік және жекеменшік сектордың дамуына серпін беретін бірқатар маңызды стратегиялық келісім шарттарға қол қойылды. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің алғашқы отырысынан бері арада 1 жыл өткендіктен, осы кездесулердің нақты нәтижелеріне тоқталауға болады»,- деді ол.
Мәселен, оның атап өтуінше, Іле өзеніне Кербұлақ ГЭС салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Өз кезегінде бұл Қапшағай ГЭС-ның қуатын қазіргі 250 мВт-тан 360 мВт-қа дейін арттырып, қыста Қазақстанның Оңтүстік өңірлеріндегі кернеуге түсетін салмақты дер шағын айтарлықтай жеңілдетеді.
Сонымен қатар табысты әріптестіктің тағы бір мысалы ретінде Ө.Шөкеев «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының алғашқы телімін салу мен Алматы облысындағы Мойнақ ГЭС және Қазақстандағы битум зауытының іске қосылуын атады.